Өлең, жыр, ақындар

Қожа, молда

  • 07.05.2018
  • 0
  • 0
  • 9602
Бұл асылық асқан заманда
Қожа, молда көбейіп,
Отырар көрде шөмейіп,
Сәлдесін үлкен орасып,
Жауған қардай борасы.
Жамандары ішінде
Жан-жағына қарасып,
Үлкен молда десін деп,
Мәселеге таласып.
Қыстың айы өткен соң,
Жаздың айы жеткен соң,
Жауырларын желдіктеп,
Туған сып келдік деп,
Зекет, нияз сұрасып,
Бірінің айтқан сөзіне
Бірі тұрар ұнасып.
Ең мүсәпір қорықсын деп,
Мұңайған болар жыласып,
Өздері жылай-жылай жүрген,
Намазды бүйтіп білгенсіп
Ендігінің молдасы
Залымның боп жолдасы,
Мені молда десін деп,
Құдайды алдар әдепсіз.
(«Тар заманнан»)
Япырмау, елге болыс, би
Дұрыс басшы болар ма?
Ұрлық етіп қақтаған,
Арақты ас қып сақтаған,
Адалды сірә бақпаған.
Қылған ісі ұрлықты,
Кедейге қылар зорлықты...
(«Тар заманнан»)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дария құйсаң толар ма?..

  • 0
  • 2

Дария құйсаң толар ма?..
Сүмбіле туып күн болмай,
Көкрай шалғын болар ма?..
Кәрілік пенен мінезге

Толық

Алдаушы жалған

  • 0
  • 0

Алдаушы жалған дүниенің
Алдай тұғын пұлы бар.
Аяқты теріс баспаңыз,
Жаманнан басың жырып ал!

Толық

Атамыз - Адам пайғамбар

  • 0
  • 12

Атамыз - Адам пайғамбар,
Топырақтан жаралды...
Сол адамнан таралды,
Ұрлық пенен қорлықтан,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар