Өлең, жыр, ақындар

Жер мен адам

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 8746
Кетті адамнан шүкірлік,
қанағат жоқ көңілде.
Аласұрып бүкіл жұрт
түкірердей өмірге.
Жетпей күннің шуағы,
жылуы аздай Жердің де,
бала ашулы туады
ыза шашып ел, Күнге.
Адам мен Жер – еменнің
тамыры мен сабағы:
қансыраса адамы,
жер жаны да жаралы.
Жерге сіңер адамның
шаттығы да, кегі де.
Туса адамға қараң күн,
сау қалмайды жері де.
Бүр ата алмай бағы да,
жер қуарып шөлдесе,
адамдардың жанына
құрт түскені ендеше.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлағат

  • 0
  • 0

Дүниенің болады өлшемі –
өлшеусіз нәрсе бар деме.
Керелендірер түбі ол сені –
араныңды ашпа әрнеге.

Толық

Келеді еріншек түн

  • 0
  • 0

Келеді еріншек түн.
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк.
Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің,
жанарына аспанды паналатып,

Толық

Шаттық қайда, ән қайда аласұрған

  • 0
  • 1

Шаттық қайда, ән қайда аласұрған?
Түндер қайда ұйқыны таң асырған?
Байланғандай тіл-аузым тұншығамын
шалға тиген байғұстай шарасыздан.

Толық

Қарап көріңіз