Өлең, жыр, ақындар

Қойсын ба мыс жебедей жұрт наласы

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 2234
Қойсын ба мыс жебедей жұрт наласы –
не мықтың жетіп тұрған бұлтқа басы
қалпақтай ұшар бір күн көз ашқанша,
тайғанап қара жерден құт тағасы.
Шалқаңнан түсіп оңбай жатқаныңда,
көп пенде кеше жүрген қапталыңда
кетіп еді сырт айналып сенен бәрі,
сіңгендей батпа құмға.
Сол кезде бақыт құсың ұшты жылдам,
айрылдың болмысыңнан ысқырынған.
Басыңды мен сүйеп ем сонда сенің
жиіркенбей кескен-келі ұсқыныңнан.
Десек те сатпас адам жақсылығын,
(кей жанда жақсы жайлы тапшы ма ұғым?),
өртеді жүрегімді бүгін маған
істеген арамдығын, нас қылығың.
Жаманға тау да аласа, өр де нашар,
адалдық, түбі адамға сол қарасар.
Көртышқан күн нұрына орасаң да,
бәрі бір көрге қашар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалмады сөзде қадір, тілде кие

  • 0
  • 0

Қалмады сөзде қадір, тілде кие,
ер сиқы болар дейтін іргеге ие:
би – мылқау, халық – аңқау, жігіт – сидаң,
көсемдер бірде бие, бірде түйе.

Толық

Зейнеткердің сөзі

  • 0
  • 0

Келдім тағы. Келіп ем бұрындар да –
бұл заманда бастықсыз күнің бар ма?
Салмағы соған түскендей жер, халқының,
кердеңдейді күзетші жын ұрған ба?

Толық

Ұлағат

  • 0
  • 0

Дүниенің болады өлшемі –
өлшеусіз нәрсе бар деме.
Керелендірер түбі ол сені –
араныңды ашпа әрнеге.

Толық

Қарап көріңіз