Өлең, жыр, ақындар

Көңіл

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 6478
Аспан шәйдай. Жанымда қырық қайғы.
Күн де майдай, ал мені жылытпайды.
Тайлы бие сауғанның сабасындай
көңіл тақ-тұқ. Ішті ыза шыбықтайды.
Аз халқымның тағдыры жыртық әлі,
бұғалықты бестідей бұлқынады.
Кей сабазым ел атын қалқан етіп
жаттан ұпай жинауға ұмтылады.
«Саналыға бұл өмір неге түрме?!»
Жан сиреді жаныңмен сенетін де.
Сайдан сая таппаған сайғақтайын
ойлылардың тағдыры жел өтінде.
Сана ойқастап, сезімім қалжырады.
Тартылуда мәнімнің нәр-бұлағы.
Тамырымен қопсыта қопаруда
шалғынымды уақыттың шалғылары.
Жүрегімді ырситып ой күредім,
тілімді алмай десем де: «Қой, жүрегім!»
Қасаң орта көсілтіп құшағымды
жаздырмай-ақ әйтеуір қойды менің.
Жырым – жалаң. Жерім - өрт,
жұртым – күлгін,
жұтқанға мәз у балын сылқым түннің.
Күліседі: «Ел жүгін көтерем деу
не тәшіне керек, - деп, - бұл шіркіннің!».
Сүлдерімді сорады жұтқан қайғы,
сезем: жанға, шарқ ұрмай, ықтау жайлы.
Жүрмін жерден ықтасын таппай әлі.
Аспан ашық. Жанымды бұлт торлайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалын мен ырғақтар

  • 0
  • 0

Жол бойында
кісендердің сыңғыры.
Жасыл орман құс әнімен мүлгіді.
Тәтті әуенін пальманың,

Толық

Бұл өмірде қия алмайтын сәттерім

  • 0
  • 0

Бұл өмірде
қия алмайтын сәттерім -
жүрегімнен күй арнайтын сәттерім,
таң атқанша достарыммен ән салып,

Толық

Саясат

  • 0
  • 0

Саясат та – бір сайқал,
сыйқырлайды жас ұлды,
«Бір іліксең, - жұрт айтар,-
ала-алмайсың басыңды».

Толық

Қарап көріңіз