Өлең, жыр, ақындар

Құм

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 2503
Құм менің құндағым ғой, бесігім ғой,
Өмірге бірінші ашқан есігім ғой.
Көктемде қозыменен бірге туып,
Ботамен ойнап бірге өсіп ем ғой.
Қиялды жетектейтін ерте күнге
Тыңдадым тасбақаның ертегін де.
Ызыңдап қурай әуел ән бастайтын
Өз сырып оңашада шертерінде.
Қарқылдап кәрі қарға сексеуілде
Айтатын көргендерін өз тілінде.
Айтатын сүрең жайын - сүргін жайын,
Айтатын қан төгіскен қырғын жайын.
Жататын өлген іздер, туған іздер,
Жататын қашқан іздер, қуған іздер.
Жаттадым соның бәрін, оқыдым мен
Жазғандай жүрегіме тоқыдым мен.
Естігем жылағанын бұлақтың да,
Естігем сыңсығанын құрақтың да.
Көргенмін қара түнде әлсіз жанған
Сәулесін алыстағы шырақтың да.
Сол сәуле кеткен алып мені алысқа,
Бермепті бір минут та демалысқа.
Кетіппін егде өмірін бастаппын да,
Кетіппін жас шағымды тастап құмға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бар екем

  • 0
  • 0

Апырым-ау, жоқ па, бармын ба,
Соға ма, жоқ па жүрегім?
Жоқ әлде тас боп қалдым ба,
Осы мен, достар, кім едім?

Толық

Ән

  • 0
  • 0

Көк аспанға күрсіне қарайды да,
Шолып алып бүркітше маңайды да.
Ит үстінен жас қойшы шырылдаса,
Кең дүниеге кетеді ән тарайды да.

Толық

Еңбекшілер тезіне

  • 0
  • 0

Сын күшейсін, мін түзелсін,
Сыннан өтсін сан жұмыс.
Сыналансын кемтік жері,
Мінсіз болсын бар жұмыс.

Толық

Қарап көріңіз