Өлең, жыр, ақындар

Туған жерге оралу

  • 27.03.2018
  • 0
  • 1
  • 28119
Әні автордікі

Әкем сенің төсіңде атын тұңғыш ерттеген,
Анам сенің төсіңде тамыр жайып көктеген.
Мен де сенен ең алғаш таптым арман өрісін,
Сенен ұлы ешкім де болмақ емес мен үшін.

Қайырмасы:
Қарлығаш қалмайды ұяда,
Шарықтап кетсек те қияға
Туған жер, өзіңсің ең үлкен анамыз.
Біз сенің алдында
Мәңгіге бала боп қаламыз.

Көктем сайын қырқанды гүл жабады жаңадан,
Мен көз жұмған шақта да сен, туған жер, бол аман.
Саған деген ерекше сағынышы жоқ адам -
Заман үшін, ел үшін қауіпті адам, ол адам.

Төктің маған аямай жүрегіңнің ыстығын,
Жалын болып лаулады өзің жаққан ұшқының.
Сен жасай бер жаңарып, тіренішім - ұстыным,
Саған арқа сүйеген кезде ғана күштімін.



Пікірлер (1)

Нұрбүбі Сағындыққызы

Маған Мұхтар ақынның өлеңдері өте қатты ұнайды. Ерекше сезімде болам. Нағын өз елінің азаматы десем де болады. Елі үшін жан салатын кемеңгер.

Пікір қалдырыңыз

Жалын

  • 1
  • 2

Өтудесің,
өтесің замандарым,
Құпиям көп ұқпаған, түсінбеген.
Әкем менің жек көрген адамдарын

Толық

Мерейдің сақтар ханына айтқаны

  • 0
  • 2

Біз әрқашан жан байлығын адамның,
Болашағы деп қарадық ғаламның.
Кәне, ақыл-таразыға төрелік
Берелік те сіз басқарған хандықты

Толық

Қалдаяқов өзені

  • 1
  • 2

Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан-таңға ән салдырған,
Өзің әнмен қарсы алдырған Шәмші едің,-
Зорсығанның көбісі құры сүлде,

Толық

Қарап көріңіз