Өлең, жыр, ақындар

Қазақ қазынасы

  • 23.03.2018
  • 0
  • 0
  • 15491
Қазақта қазына мол қазылмаған,
Қағазға қасиеті жазылмаған.
Қарусыз қазынасын қазған бар ма?
Құр қолмен, құр даурықпен бажылдаған.
Сан сыр бар айналада айтылмаған,
Сарыннан аулақ жатыр тасырлаған.
Кілті жоқ сыр сақталған сандық жатыр,
Дей түсіп: «Малым да аман, басым да аман».
Төмен түр әлі көзге шалынбаған,
Сан сурет әлі соны салынбаған.
Сәулесі самаладай айна керек,
Жұрт құмар, жүйрік жаны жалындаған.
Миллион үн әлі естілмей жатыр жырақ,
Иесі есітерлік күйін бірақ,
Ол үннің есітетін иесі сол,
Елегі елдікінен ерек құлақ.
Інжу көп әлі жіпке тізілмеген,
Көрместен кім тереді кежгігенмен.
Бұқа ма інжу көрер, маржан көрер,
Күл шашып көрінгенге күжілдеген.
Сөз керек солырқатып сөйлейтұғын,
Көз керек көр қыңырға «ой» дейтұғын,
Кекеспей кен кеулеуге кел, жолдастар!
Көп түртпей «кедейлермен» қой - қой түбін.
Қоялық қон соқпай бөренемен,
Бұлбұлсыз жұрт жұбанбас бөденемен.
Бытқытпай бытпылдықты доғаралық,
Жұрт кетер түк өнбес деп бұ немеден.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Торы тай

  • 0
  • 0

Торы құлын келер жылы шықты тайға,
Оқи бер бата-құран туған айға.
Қуанышым қойныма күнде сыймай,
Құмалақ салдырамын жаңа айда.

Толық

«Россия тарихын» жазушыға

  • 0
  • 0

Тарихы оның тым көркем, түсінікті,
Бізге әбден керек деп дәлелдепті:
Заңсыз залым патша жұрт билеуін,
Болуын қолындағы қамшы мықты.

Толық

Оқу

  • 1
  • 2

Қарайыңқы көңілді аппақ қылған бұл оқу.
Түк білмейтін қамауды тақ - тақ қылған бұл оқу.
«Тұтқасы» деп тұрмыстың мектеп құрған бұл оқу...
Жаратқанның бірлігін сақтап тұрған бұл оқу.

Толық

Қарап көріңіз