Өлең, жыр, ақындар

Заводта

  • 23.03.2018
  • 0
  • 1
  • 7276
(Мәскеудегі «Орақ - балта» деген шойын, темір қорытатын заводта)

Қабат - қабат салынған,
Бөлек - бөлек болат үй,
Электр шамы жағылған,
«Тұр, жұмысшы, киім ки!»
Деп, гудогі гүрілдейді.
Ұршықтар ойнап, билеп би,
Дөңгелектер дүрілдейді.
Машинада қоңыр күй...
Арыстандай толғанып,
Жалын көкке бойлайды;
Жолбарыстай жынданып,
Темір тербеп толғайды.
Толғатқандай отты пеш,
Салады бебеу ойбайды.
Қолы - басы күйелеш,
Онымен жұмысшы ойнайды.
Қап - қара тұтқыш қаһарман,
Күйелі қара құмандай,
Булыға буға қақалған,
Тұнжырайды түтін тұмандай.
Қызыл темір қылмаңдап,
Ырғиды оқжыландай.
Жұмысшының жылдамдап,
Қышқашы қысады қырандай.
Шұрқ - шұрқ еткен шойын шоқ,
Қазанда қайнап бітеді.
Бөренедей темір от,
Тербеліп тесікті өтеді.
Сол бөрене ұзарып,
Жіптей ұзап кетеді.
Машина шеге шығарып,
Зырылдап зырқ - зырқ етеді.
Осыны көрген қазақтың,
Ойын мына ой орады:
«Бәріне де жан - жақтың
Осындай оттар толады.
Тегістік деген ұлы үйге
Осылар шеге соғады.
Күндердің сондай күнінде
Біздің де ел сондай болады».



Пікірлер (1)

Темірбек Ләйлә

Заводта шығармасының негізгі ойы

Пікір қалдырыңыз

Гүл

  • 1
  • 0

Ұмытылып сенген гүл
Қалыпты кітап ішінде.
Ғажап! — Қиял қозғап тіл
Дедім қарап түсіне:

Толық

Алтын қазан

  • 0
  • 0

Төгілген алтын Алтай сілемінде,
Ертістің көкті қапқан иегінде
Жез бесік, алтын құндақ Риддер жатыр,
Сақтаған бар асылын жүрегінде.

Толық

Алдымда суретің тұр ойнаңдаған

  • 0
  • 1

А, жаным, жүр екенсің әлдеқайда?
Құйын ба, әлде көңілін, әлде жай ма?
Алысқа сенен ұзап жүріп кеттім,
Ойлаймын көрермін деп бірер айда...

Толық

Қарап көріңіз