Өлең, жыр, ақындар

Тас шешей

  • 23.03.2018
  • 0
  • 1
  • 5406
Жын қаққандай долданып,
Су жұлқына соғады.
Салдыр - гүлдір күркіреп,
Судан боран борады.
Қалбақтап қалақ бұлқынса,
Бұрқақтайды бораны.
Тас сырылдап айналып,
Бірін - бірі жонады.
Тас ұршықтың тесігі
Мамадан бидай сорады.
Суыра сорған бидайын
Шайнап, жұтып, обады.
Майда, малта мамық ұн
Тас толғақтан туады.
Сырғыта айдап ақ, ұнды
Кең шанаққа құяды.
Сабақта ине, дайындал,
Қарағым, қабын толады.
Бұрқылдақ ұн борасын
Бет - ауызға қонады.
Кірген кісі боз кемпір
Болады да қояды.
Бауырсақ, тоқаш, майшелпек
Әнеки әжең соғады.
Құймақ же ген кәрі атаң,
Кекіріп, қылды тобаны.
Күйік күлше - күлдемеш
Қойынға қойшы орады.
Жеген адам жетісті,
Нан екен бар болғаны.
Бітеуіңді уатқан,
Балаларды жұбатқан,
Кемпір - шалды қуантқан,
Тіршілік екен тиірмен,
Айырмай астық салалы...
Ағызып ағын төсінен,
Шайнап беріп өсірген,
Асыраған анаң кім?
Тас шешей сол болады.



Пікірлер (1)

Нұрай

Керемет!!!!!!! Алғысым шексіз!!

Пікір қалдырыңыз

Өтініш

  • 0
  • 0

Шырмаяқ өмір шырмалып,
Басынды шатса шырмауық.
Қамығып көңіл қажыса,
Қайратсыз, қайғың құм жауып.

Толық

Қазақстан

  • 0
  • 1

Көгінен нұр төгілген,
Жерінен дүр, гүл өнген
Жердегі ұжмақ
Бұл қай жақ?

Толық

Біздің жазда

  • 1
  • 4

Бозторғай шырлап, жаз құсын жырлап,
Үйрек сытырлап, қаз пырлап,
Түйе боздап, қой қоздап,
Жылқы азынап, жел маздап,

Толық

Қарап көріңіз