Өлең, жыр, ақындар

Солтүстік самалы

  • 13.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3067
Соғар тынбай
Солтүстіктің самалы,
Серуендетіп,
Серпілдіріп даланы.
Көк шыршалар жағалауда мүлгиді,
Керген талай —
Көне менен жаңаны.
Көк шыршалар —
Көкке ұмтылып бойлауда,
Бар ғой еркі,
Бойлауға да, ойлауға.
Қайғы кешкен,
Қайран сол бір бабалар —
Кетті дейтін, «итжеккенге — айдауға..
Келдім, міне, мен өзіңді жырлауға,
Өршіл өлең —
Өрнегімен сырлауға.
Кешегі бір
Кері аққан кер толқын
Үстіменен желқайықтар зырлауда.
Талай-талай
Түскен ауыр сындарға,
Өскен елдің ұрпағы едім шындарда.
Жамыраған
Жапырағы қайыңның,
Жауап беріп тұр ма дерсің жылдарға.
Соғар тынбай,
Солтүстіктің самалы,
Серуендетіп,
Серпілдіріп даланы.
Көк шыршалар жағалауда мүлгиді,
Көрген талай —
Көне менен жаңаны...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сөз соңы

  • 0
  • 0

Сен де бір кең даланың қыранысың,
Ұшары көк, қонатын тұрағы шың.
Қасиетті Қаратау қойнында өсіп,
Кеудеде толқындатқан Сыр ағысын.

Толық

Ақын емен

  • 0
  • 0

Мен әлі аты шулы ақын емен,
Доспын бірақ ақынның атыменен.
Жүрсем бірге, япыр-ау, жатсам жанда,
Қашпаса керек өлең заты менен.

Толық

Жанарыңнан таң күліп

  • 0
  • 0

Кетер сенің жүрегіңнен балқып таң,
Күлкің сенің айдын бетін шалқытқан.
Көңіліңнен анау ұлы тауларға,
Әппақ болып мәңгі-мәңгі қар жұққан.

Толық

Қарап көріңіз