Өлең, жыр, ақындар

Қос бұрым

  • 06.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3043
Сияқтанып арқамдағы қос бұрым,
Екі ел бүгін бір арнаға қосты үнін.
Ортақ күннің шұғыласына оранып,
Жалғасса екен достығым!
Ұмыттырып кешегі бір қайғымды,
Көкіректі күй кернейді айбынды.
Көз алдыма әкелгендей үйіріп,
Арманымдай алыстаған ай-күнді.
Тату заман орнар болса халқыма,
Баяғыдай бәрі келмек қалпына.
Хабарласып,
Қауышуда ел мен жұрт,
Сәлемдесіп қайттым мен де Талқыға.
Көңіл тыншып қалды білем бір шама,
Жете алмадық бүйрек қанша бұрса да
Қашық еді қол жетпестей ол кеше,
Қайран, Құлжа!
Иек асты тұрса да.
Бұл күндерді көрмей кеткен жандар көп,
Ұғыспастық тұрды арада заңғар боп.
Татулықтың талмайтұғын қанаты,
Деп ойлаймын төбемізде самғар деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асыға күтудемін дүйсенбіні

  • 0
  • 0

Асыға күтудемін дүйсенбіні,
Қалқам-ай,
Қанша мән бар,
Білсең мұны?

Толық

Шертіл бүгін

  • 0
  • 0

Жоқ менің тірі жанға қастандығым,
Бақытым тайған емес бастан бүгін.
Жыр болып, жүрегіңе қайта оралар,
Алдыма адалдықпен тосқан гүлің.

Толық

Өзендердің — домбыра

  • 0
  • 0

Аяулы ел бұл далаға гүл өсірген,
Гүлжамалдай мақташы қыз өсірген.
Қайсар ел бұл қашан да қиындықпен,
Беті қайтып көрмеген күресуден.

Толық

Қарап көріңіз