Өлең, жыр, ақындар

Қуанбаңдар жастыққа

  • 16.04.2015
  • 1
  • 15
  • 53550
Қуанбаңдар жастыққа,
Елірме күлкі, мастыққа.
Көзің қайдан жетеді
Достық пенен қастыққа?
Құрбыңның қызық дегенін
Сөз екен деп ап шықпа.
Адалдан тапқан тыйынды
Сал да сақта қапшыққа.
Қолдағынды қорғап бақ,
Мал арзан деп аптықпа.
Сыпайы жүр де, шаруа ойла, Даңғойланып қақтықпа.
Бет алды жанға бой салма,
Қорлық жүрмес сақтыққа.
Елу бесте біз дағы
Сенісер адам таптық па?
Арсыз құмар болғандар
Опыр-топыр, шақ-шұққа
Түспей жүр ме, көрдің бе,
Жалаң-жүлаң, тақ-тұққа?



Пікірлер (15)

жазира

керемет өлендер

жазира

мен Абайдын өлендерін катты ұнатамын

жазира

Мен Абай атанын өлеңдерін ұнатамын
Өте керемет,әсерлі өлендер

Магжан

туган жер туралы жаксы олен керек еди

Гулназ

Устаз туралы олен керек

Беглан

Өте тамаша сөз жоқ жастарға арналған жастарға тәрбие беретін өлең осындай өлең өте өте көп болса ғой шіркін

Әділ

Керемет осыны барлық қазақ оқып жақсы болар еді

Мөлдір

Мен талай Абай атаның өлендерін. Жатқа білем талай жүлделерім бар абай атаның өлеңдері өте əсерлі

Зияда Зурапова

маған бул өлең қатты унады керемет екен кушті

Ерзат

Абай біздің темір қазығымыз

❤❤

Керемет

❤❤

Керексіңдер және на

❤❤

Саммитте на казахском это когда және было бы

❤❤

Кейін қосымша уақыт зырлап өтіп

Пікір қалдырыңыз

Жалау

  • 1
  • 13

Жалғыз жалау жалтылдап
Тұманды теңіз өрінде.
Жат жерде жүр не тындап?
Несі бар туған жерінде?

Толық

Әлифби өлеңі

  • 1
  • 3

Әлифдек ай йүзіңе ғибрат1 еттім,
Би, бәләи2 дәртіңа3 нисбәт4 еттім.
Ти, тілімнән шығарып түрлі әбиат5,
Си, сәнаи6 мәдхия7 хүрмәт еттім.

Толық

Заман ақыр жастары

  • 1
  • 33

Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Толық

Қарап көріңіз