Өлең, жыр, ақындар

Ғашық дерті

Ғашық болып іліндім мына дертке,
Емі жоқ осы дерттің бар əлемде.
Жүрек сыздар, ауырар, көзге жас кеп,
Жаның ажал күткендей, өлім таяу.

Ойлатар тыным бермей,ұйқы кетіп,
Əлің кетіп, қаусырап, ауырғандай.
Таңмен атып, бірге батып, көз ілмейсің,
Тұла бойға у тарап жайылғандай.

Қайтем енді, өмір осы дертпен өмір сүрем,
Мəжнүндей алысып өтем, есіл дертпен.
Жан кеудемнен шыққанда,алып кетіп,
Көрге кіріп кетемін ғашық дертпен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз