Өлең, жыр, ақындар

Атама деген сағыныш

Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Деуші еді ақындарың талай-талай.
Бойымды шабыт кернеп тұрса егер
Қой деймін шабытыма енді қалай?

Шарықтап шабытыммен көкке қарай,
Шұғылалы күніміз төксе арай.
Әжем шерткен сырларды өлеңменен,
Жеткіземін барынша сізге қарай.

Ақылшым,данагөйім әжем еді,
Қымбат маған тыныстаған әрбір демі.
Үлкендердің ақылын тыңдағандар
Келешекте жаман адам болмас тегі.

Бір күні сұрап едім атам жайлы
Әжемнің өңінде бір болды қайғы.
Атам оған жас күнінде айтқан екен
Сен сұрасаң әперем деп күн мен айды.

Көз жасына ерік берді әжем сонда,
Зор махаббат,сағыныш барғой мұнда.
Көп созбастан айтайын әңгімені
Көңілімде толып тұр қайғы мұңға.

Атам менің төресі жігіттердің,
Ақтаған сенген жанның үміттерін.
Атам менің мықтысы мықтылардың,
Болмасын оған мүлде күдіктерің.

От еді жалындаған жігіт кезде,
Орындар айтқаныңды сол бір лезде.
Қыз қырқынның барлығы атамызға
Қарайтұғын дәмеленіп,үміттене.

Бір күні көрген екен әжемізді,
Анасына берем депті кәдеңізді.
Әжем де сызылып көнген екен,
Көрсетіп атамызға ізет-үлгі.

Қабақ түйген қыс мезгілі сонда жылдың,
Маңызы жоқ жердегі қар мен мұздың.
Алып қашты суық күнге қарамастан,
Артынша екі отбасы баталасқан.

Отау тігіп жақсы ғұмыр кешеді,
Қыз бен жігіт болған жандар кешегі.
Енді міне отаға мен отана,
Белгілі ғой бізге мәлім екені.


42 де аттанды атам майданға,
Қарамастан жасы менен айбарға.
Аттанды атам қанды соғыс жеріне,
Жалындаған он сегіз жас кезінде.

Қуанышты хабар елге келеді,
Сталинград мен Германияны жеңеді.
Тағы да бір қуанышты жаңалық
Асқар таудай атам елге келеді.

Бос жүрмеген атам әркез,қашанда,
Дұға тілер тіпті ұйқыға жатарда.
95 те атам менің тым алыс,
Кетті қайтпас мәңгілік бір сапарға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақытты балалық шақ

  • 0
  • 1

Шоққа піскен картоптың дəмі кетпес аузыңнан,
Жейтініміз шекер мен дəмі тəтті қатқан нан.
Ұйқымызды қандырып түске таман тұрамыз,
Күні бойы безілдеп кешкі 10-да жатқаннан.

Толық

Байлыққа құнығумен жүре берме

  • 0
  • 0

Байлыққа құнығумен жүре берме,
Олардың болмас тіпті бірі жүлде.
Ойлағаның атақ пен мансап болса,
Олармен ашылмайды жолың мүлде.

Толық

Қадір түні

  • 0
  • 0

Шүкір айтып жеттік айдың сұлтанына,
Пайғамбар нұрын шашып ұрпағына.
Жалқауланбай тілейік дұғамызды,
Мүмкін мұндай туылмас күн тағы да.

Толық

Қарап көріңіз