Өлең, жыр, ақындар

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да

  • 16.04.2015
  • 1
  • 4
  • 23919
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім желігіп, қай шеттен қағынса да.

Күшік ит бөрі ала ма жабылса да?
Тәңірі сақтар, табандап тап ұрса да.
Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды,
Әр жерде-ақ керегеге таңылса да.

Құтырды көпті қойып азғанасы,
Арызшы орыс – олардың олжаласы.
Бірде оны жарылқап, бірде мұны,
Қуды ұнатты-ау Семейдің бұл қаласы.



Пікірлер (4)

Баян

Бул өлендер өте керемет

Мадина

Әәәәәй абайды өз көзіммен көрсем ғой шәкірт болар едім бардық өлеңдері тамаша ғой шіркін әәәәәәәәәй өкініп тұрмын жақсы шығарады ғой өлендерін жақсы жақсы тақырып алып шығарады кезінен ақ өлең шығарған ғой менде 8 жасымнан өлең шығарамын бәрімізде өлең шығарсақ бәрімізден тамаша ақындар шығады ғой тек еріншектікті тастау керек деп ойлаймын

Аймерей

Оте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Мұқаммаразға

  • 0
  • 0

Ауру астан болғанда, дау қарындастан,
Мұқаммараз атандым бала жастан;
Мұқаммараз дейтұғын шайтан аты.
Қандай молда қойды екен аямастан?

Толық

Әбдірахманға

  • 0
  • 2

Орынсызды айтпаған,
Түзу жолдан қайтпаған;
Жақсылық қылар орында
Аянып бойын тартпаған.

Толық

Фзули, Шәмси, Сәйхали

  • 1
  • 5

Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдауси,
Хожа Хафиз – бу һәммәси
Мәдәт бер я шағири фәрияд.

Толық

Қарап көріңіз