Өлең, жыр, ақындар

Жан толғау

Əр қайғымнан ақ жүрегім қараңғы,
Не улайды ,түсінбеймін санамды?
Жақсылықты сирек қана сезініп,
Жиілетіп көре берем жаманды.

Тас емесқой,менің мына жүрегім,
Мұң боп туат неге ылғи өлеңім?
Əлде өзіме қапас етіп алғамба?
Мейірімсіз бір адамның жүрегін.

Мейлі бəрі түсініксіз бұл күйім,
Өлең үшін маған деген бір түйін.
Жалған бақты əдемі етіп жазаалман
Шынайлық жоқ жырдың құны бір тиын.

Жазалы мұң ,қазалы мұң сан түрлі,
Əр келбеттен көре аламын əркімді.
Өтірік елес құрып жазған өлеңмен,
Шығаруды қаламаймын даңқымды,
Дəл осылай қабылдаңдар қалпымды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұқағали-бір өлең

  • 0
  • 0

Дара тұлға, ұлы шайыр ,бір өрен
Жырларына сыйып жатқан бар əлем.
Тарихымен тамырында ұлылық
Орнап тұрар Мұқағали-бір өлең.

Толық

Күз деймізбе ,күңіренген күн нұрын!

  • 0
  • 0

Күз деймізбе ,күңіренген күн нұрын,
Жаз болсада көкіректе кірлі мұң,
Біреу алға ,біреу кері сүйреп жүр,
Жаратқанның бірге берген тірлігін.

Толық

Өмір ағын!

  • 0
  • 0

Сұңғақ өмір! сиқырлады сыр əнін,
Басылғанша ,жазады екем құмарым.
Менің тұйық əлемімнің пердесі
Шашылатын күтетіндей шуағын.

Толық

Қарап көріңіз