Өлең, жыр, ақындар

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

  • 16.04.2015
  • 1
  • 10
  • 71978

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?

Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін — өсекші, жүртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.

¹Ғадауат (арабша) — дұшпандық, ашу, жек көру



Пікірлер (10)

Ақбота

Керемет өлең екен!

Аяжан

өте күшті өлең

улбосын

Мағыналы өлең екен

әділ

өте өте керемет

Ернұр

керемет Абай өлеңдерінің ішіндегі жеңіл мағыналы туынды

Aizada

оте кушти олен жаттап алдым 15 минутта.Абайдын 175 жылдыгына айтамын.

Бегәділ Арайлым

Өте керемет өлеңдер.Абай атамыз керемет өлеңдерді өзінің ұрпақтарына мұра қылып қалдырып кетті

Бегәділ Арайлым

Өте керемет өлеңдер.Абай атамыз керемет өлеңдерді өзінің ұрпақтарына мұра қылып қалдырып кетті

итачи

магынасы керек еді

Пікір қалдырыңыз

Көкбайға

  • 1
  • 5

Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды да жырлайды.
Ол жыламай қайтіп тұрады,
Мынау азған қу заман

Толық

Біреуден біреу артылса

  • 1
  • 9

Біреуден біреу артылса,
Өнер өлшеніп тартылса,
Оқыған, білген - білген-ақ,
Надан - надан-ақ сан қылса.

Толық

Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі

  • 0
  • 1

Дүрілдеген нажағай,
Бұрқыраған жауынның
Ашылмағы бар ма басынан
Бағы қайтқан қауымның?

Толық

Қарап көріңіз