Өлең, жыр, ақындар

Тайға міндік

  • 16.04.2015
  • 1
  • 14
  • 34437
Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.
Үкі тақтық,
Күлкі бақтық,
Жоқ немеге сүйініп.
Күйкентай күтті,
Құс етті,
Не бітті?

Атамыз бар,
Молдамыз бар,
Айтқанына көнбедік.
Арт жағында,
Біз соған зар,
Боламыз деп білмедік.
Ұрланып қаштық,
Жолғастық,
Шуластық.

Жазу жаздық,
Хат таныдық,
Болдық азат молдадан.
Шала оқудан,
Не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан?
Бағасыз жастық —
Бозбастық,
Адастық.

Бозбалалық —
Қыз қарадық,
Қалжың, әзіл сөйлестік.
Ат жараттық,
Сән тараттық,
Әуейілік күйлестік.
Көңілге келер,
Кім жолар,
Кім көнер?

Қайын бардық,
Қатын алдық,
Енші тиді азғана.
Шаруа атандық,
Енді ойландық,
Қала берді бозбала.
Бұрынғы қайда?
Ойбайла —
Не пайда?



Пікірлер (14)

зере

Өте тамаша маған ұнаты

қайрат

өте керемет ,ия

Асель

Тайға міндік өлеңі бір ой толғайтын өлең екен көп ойланып қазіргі заманның қиын заңдарын бағыну керек екенін ойлап жылап алдым өте керемет өлең!

Мадина

Мен абайдың барлық өлеңін білемін бәрі тамаша бірінен бірі өткен жақсы шығарған ғой

Ерəлі

Өте керемет өлең екен

Айша

Мен Абай атаныны урпагымын ол менин 5атам мен оны мақтан етем

Алиша

Өте керемет өлен

Алиша

Керемет өлең жариялап

Алиша

Өлең керемет

Али

Өте қызықты және әдемі өлең екен

Айзере

Ен Абай Құнанбаев шығармаларын өте қатты жақсы көремін ♥️

Айзере

Өте керемет

Нурали

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Көкбайға

  • 1
  • 5

Сорлы Көкбай жылайды,
Жылайды да жырлайды.
Ол жыламай қайтіп тұрады,
Мынау азған қу заман

Толық

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!

  • 0
  • 0

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.

Толық

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап

  • 1
  • 26

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Толық

Қарап көріңіз