Өлең, жыр, ақындар

Абыл мен Балдай қыз

  • 04.01.2018
  • 0
  • 0
  • 1965
Басын иген бай, батыр, ақымағың,
Маңғыстау ақиығы – ақын Абыл.
Айтыста жеңiлiптi Балдай қыздан, -
Бұлбұлынан далалық сахнаның.
Бiр емес, жеңiлiптi бiрнеше рет,
Жүректерден шалқыған үндесiп от.
“Қызыл тiлдiң қылышы дүр ақынның”, -
Таңданыпты қалың жұрт:
- “Бұл несi?”, - деп!
“Жазайыншы дертiмнiң сыздатқанын,
Қалмау үшiн тамырда мұздап қаным”, -
Дедi ме екен,
Ұзатылып кеткен қызды,
Жеңiлiптi тағы бiр iздеп барып.
Кей сөз – бақыт,
Кей сөзден басы кетер,
Ақын өмiр – дария тасып өтер.
Он сегiзде бүр жарған Балдай қызға,
Өйткенi: кексе жырау ғашық екен.
Сол ғой жанын түсiнiп, ұғатын да,
Тұңғиықтан сол алып шығатын да.
Шын ғашықтың алдында жеңiлу – шарт,
Лебiзiне елтiген шын ақынға.
“Отырған қарсы алдымда Балдайымыз,
Бал татыр жесе шекер таңдайымыз”.
Ақын жүрек қашанда ғашық болғыш,
Бiздiң де болар ондай-ондайымыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Досым бар...

  • 0
  • 0

Бір досым бар қыз-қырқынға батыл тым,
Бір досым бар кені тұнған ақылдың.
Бір досым бар момындау да, қайратты,
Бір досым бар әлжуаз да, айбатты.

Толық

Күзетемін, сені, Отан!

  • 0
  • 0

Қырық бірдей күн туса саған, Отан,
Жалмамақ боп бақыттың байтақ әнін.
Махаббатпен кіршіксіз балаңа тән,
Жарқ етем, – деп көгіңде айта аламын.

Толық

Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп

  • 0
  • 0

Соғады жүрек, соғады жүрек жаспын деп,
Махаббаттың бал-шарабына маспын деп.
Күннен де ыстық қызуым мол кеудемде,
Кеудемде менің тасқын көп.

Толық

Қарап көріңіз