Өлең, жыр, ақындар

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!

  • 15.04.2015
  • 1
  • 10
  • 37920
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай?
Түн кезгенің мақұл ма,
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің,
Мұнан басқа жан таппай?

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сабыр түбі – сары алтын.
Сабыр қылсын, жайыңды
Білер ме екен бекзатым?
Көңіл аулап, сөз айтар
Арадағы тілхатым,
Ағын судай екпіндеп,
Лайы жоқ суатым,
Ауру да емес, сау да емес,
Құрыды әл-қуатым.

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сана қылма бекерге.
Сан қылғанмен пайда жоқ,
Дүние даяр өтерге,
Ажал даяр жетерге.
Қош, қыз алсын қойнына,
Бейнет көрмей, дәулет жоқ.
Әлі батып кетерге,
Оныменен бойыңа
Иман, дәулет бітер ме?
Адалды сатсаң арамға,
Құдай қабыл етер ме?
Қыз сүйеді мені деп,
Оған көңіл көтерме!

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сарқа берме санасын.
Бәрін өзің білсең де,
Әлі-ақ өзің танасың.
Өртенесің, жанасың.
Өз-өзіңнен бейнетке
Өз басыңды саласың.
Қай мезгілде тойғыздың
Аюдайын ағасын,
Қатыны мен қалашын?
Қарсақ жортпас қара адыр,
Қарамай неге шабасың?
Сонда тәуір бола ма,
Ұстап ап біреу сабасын?
Киіміңді тонасын,
Елге де күлкі боласың.

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сағынышқа сарғайма!
Жай жүрсең де қыз қумай,
Сені біреу қарғай ма?
Қыз іздесең, қалың бер,
Мұным ақыл болмай ма?
Көріп алсаң көріктіні,
Таңдап алсаң тектіні,
Сонда да көңіл толмай ма?



Пікірлер (10)

айана

Абай ақынымыздың керемет өлеңін қате жазып дұрыс істемепті кім істесе де?

айана

керемет

Айанаға

Қай жері қате?

Қасқырбай

Сап көңілім дейтін жігіттер аз бүгінде, мына өлең ол заманда қызға тегін барудың арты жаман болатынын, өліп бара жатсаң қыздың, оның туыстарының көңілін тап, қыз мені сүйеді екен деп обал жасамай қалыңын төлеп ал дейді, ал біз не істеп жүрміз???

Іңкәрім

маған абай атамыздың өлеңдері қатты ұнайды

Айданага

кате болсада керемет олендер

Айданага

койш кереметкой

інкәрімге

абай атамыздың өлендері ұнаса туған жеріне келсенші

Марго

Эу қыздар ұрыспандар. Хәкім Абайдын туған жерін де 18миллионнан астам адам тұрады

Пікір қалдырыңыз

Шәріпке

  • 1
  • 3

Түңлікбайдың қатыны, атың – Шәріп,
Байға жарып көрмеген сен бір кәріп.
Сен – шыққан жол үстінде жалғыз түп ши,
Көрінген ит кетеді бір бір сарып.

Толық

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

  • 2
  • 77

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Толық

Онегиннің Татьянаға жауабы

  • 1
  • 0

Таңғажайып бұл қалай хат,
Мағынасы – алыс, өзі жас?
Сөзі орамды, әр түрі жат,
Және әдепті, және рас.

Толық

Қарап көріңіз