Өлең, жыр, ақындар

Жаңбырлар

  • nurka
  • 22.12.2017
  • 3
  • 3
  • 2394
Тереземді көп ұрмаңдар, жаңбырлар,
Сендерге де айтпайтын бір қайғым бар.
Тасырлатып құпиямның әлемін
Бүлдірдіңдер, тынштықты жойдыңдар.

Әй, жаңбырлар, жаңбырлар,
Басылмадың, мазамды әбден алдыңдар.
Көңіліме тамып түсіп бір тамшы
Арманыма әдемі күй салдыңдар.



Пікірлер (3)

rizamaney

Айнұржан. Өлеңіңе, суреткерлік шеберлігіңе тағы тəнті еттің. Таңғалам! Құдай-ау, мұндай талантты əркімге бере бермейсің ғой?!

makpalrakhatkyzy

Суретшілік қабілет керемет  .Алайда,мен мынаны түсінбедім тамшының ұрғанын  бірде  жақсы деп,ал бірде ұрмаңдар да ұрмаңдар  деп жатсыз ? 

nurka

Ақырғы екі тармағына назар салсаңыз, түсінерсіз...

Пікір қалдырыңыз

Жалғыздықтан шаршады қара басым

  • 2
  • 0

Жалғыздықтан шаршады қара басым,
Жалғызсырау білсем де жарамасын.
Күдіктене беремін барлығынан
Дос болуға мен, сірә, жарамаспын.

Толық

Сүреңсіз күзден рең қашып...

  • 0
  • 1

Сүреңсіз күзден рең қашып,
Іздейді жылы көрпесін.
Қарменен бетін қымтатып
Алады маза кеткесін.

Толық

Жазды аңсау

  • 0
  • 0

Даланың барлық еңсесі бүгін бір түрлі,
Жаздағы жарық күлкілер қалды іркулі.
Келеді қыс деп арқасы толған кең жазық
Жоғалтып бәрін жалғыз-ақ күнде сілкінді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар