Өлең, жыр, ақындар

Әкеге сағыныш!

(Жиырма үші әкем қайтқан күн)

Күзгі мұңға ауғанда жаз желегі,
Көңіліме көңілді ой аз келеді.
Әсем шаршы құрасып ұшқанымен,
Көкте тырна, жердегі қазда өледі.

Әке, біздің бағымыз қиырда ұшты,
Аңсамаған дұрыс па бұйырмасты.
Отызыңда ортайды дәм тұзыңыз,
Бөлді Алла, екіге жиырма үшті.

Сүйген құлы Алланың "Сыйлы басы"
Бекерге өмір, белгілі қиылмасы.
Алады екен Аллада қиыстырып,
"Менің туған күнімде жиырма үші"
"Сенің қайтқан күніңде жиырма үші"

Әке сенің жасыңа таяп қалдым,
Жасып қалсам, арқамнан таяқтар кім?
Өксіп келгем өмірге , өсіп кетем,
Өксіп, өсіп жалғанды аяқтармын.

Сескенетін от жанарлы айбарынан,
Қозғалмайтын ессе жел айдарынан
Әкенің , аты шіркін Әке екен ғой
Теңеспейді алсамда қай жағынан.

Төрт құбылаң айрылса сай бағынан,
Үміт етед(і) екенсің қайдағыдан.
Анасы бар, жетімге саналмайды,
Жоқ көрмедім, отбасы қаймағынан.

Береді Алла шүкір етсем таң нәсібін,
Бұлақтың ашылмаған арнасы мұң,
Жиырма екі жыл бұрын тамған қаннан,
Әкемнің жалғыз тұяқ жалғасымын.

Тыныштық , сүйемін уақыт үнін,
Күн күлімдеп шашады жақұт нұрын.
Салмақты кір тасындай ер тұлғалы,
Сенің ұлың болғаныма бақыттымын.

Авторы; Нұрбек Бекұлы



Пікірлер (3)

Гулмира

Аке аскар тау! Акелеримизди барында курмет етейик! Козиме жас келди. Олен керемет!

Ақбота

Əке асқар тау ... əкелер аман болсын !

гулайым

Жаным.бауырым.талабына нур жаусын!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз