Өлең, жыр, ақындар

Сүйем сені,бірақ та ұнамайсың!

Ен далада ерке өскен құралайсың
Сүрінбейсің, жығылмайсың, құламайсың
Биіктігі соншалық болмысыңның
Халімді де білгің кеп сұрамайсың

Кемшілігі көктемдей мінезіңнің
Қаһарлы қыс аязына шыдамайсың
Сезіміңді көрсеткің келмегенмен
Ақ жүзіңнен байқалып тұрады ай шын

Сенімменен басамын қадамды нық
Тербегенде тау мінез санамды үміт
Сорлатып шөлдетесің тағдыр сені
Жаратқан ау сезімге сараң қылып

Өзімнен де кінə бар бəлсінемін
Қалғаныңда кішкене бағамды ұғып
Сыр сандығын ашатын сəт келгенде
Толқығаннан бармақты қалам бүгіп

Білем бірден ашылмас құлып барын
Сеземін көңілді əлі суытпадың
Керемет бір əлемсің сонда дағы
Ұнамайтын бар енді қылықтарың

Ақ күйінде көрер ме ем аққуымды
Ақ жүректен лас ойдың қуып бəрін
Ақ отаудың төрінде ақ некемен
Шаңыраққа бекітіп уықтарын

Ен далада ерке өскен құралайсың
Сүрінбейсің,жығылмайсың,құламайсың
Қырсық мінез кішкентай балапаным
Сүйем сені,бірақ та,ұнамайсың...

(С)Абзал Алтый



Пікірлер (1)

Ахат Таңсықбай

Жаңа той əн керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз