Өлең, жыр, ақындар

Ф-ға

Арман бар менде бір орындалмас,
(Көрсе де жүгіріп кеп қолымды алмас).
О, неткен тəкəппар арман еді,
Маңайламай кетеді, орны толмас.

Оймақ ауыз, мойыл көз, бұрымды жас,
Болмадық біз екеуміз бұрын сырлас.
Бала күнде оянған махаббатым,
Бəлкім бізді жамандыққа ұрындырмас.

Бала күнгі қылығың қайда қалды?
Басымда неше түрлі ой жаралды.
Мүмкін сенің қызығамын кескініңе,
Көшірмесін алдың екен қай маралдың?

Сені сүйсем - маралды сүйгендігім,
Адам емен маралды сүйген күнім.
Сені сүймей өмірден өтер болсам -
Жүрегімді тас қылып түйгендігім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар