Өлең, жыр, ақындар

Жүрегім менің қырық жамау

  • 15.04.2015
  • 1
  • 10
  • 50312
Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтып аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әрнеден.

Өлді кейі, кейі — жау,
Кімді сүйсе бүл жүрек.
Кімі — қастық, кімі — дау,
Сүйенерге жоқ тірек.

Кәрілік те тұр тақау,
Алдымызда айла жоқ.
Қайғысыздың бәрі — асау,
Бізге онан пайда жоқ.

Қан жүректі қайғылы-ау,
Қайырыла кет сен маған.
Қасиетін ойлан-ау,
Қам көңілдің тынбаған.



Пікірлер (10)

гүлнар

сіздерге көп рақмет сіздердің арқалаңыздан көп нәрсе білдім

Дастан

Сыздерге Көп рахмет Абай тұралы көп мәліметтер білдім өлеңдері өте керемет жазылган

Жания Калыкбай

Маған жедел турде Абай атамыздың кез келген бир оленин жибериниздерши

Жаннур

Өте керемет өлеңдер екен көп рахмеп баршаңызға маған өте қатты ұнады

Маган журегим менин кырык жамау деген олени катты

Сиздерге коп коп рахмет

Елиза

Ғибраттанатын өте жоғары деңгейде де бар еді ғой деп ойлаймын

Жарас Мирович

Бұл өлең қысқа екен бірақ жақсы өлең екен

Arailym Sultanbaieva

Kóp raqmet maǵan qatty unady. Abai atamyzdyn óte keremet.

Анелья

Маған өте қатты ұнады.Өте кереметт өлеңдер☺

Пікір қалдырыңыз

Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас

  • 1
  • 9

Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.

Толық

Қара қатынға

  • 1
  • 4

Қара қатын дегенге, қара қатын,
Үзіп-жұлып алып жүр қанағатын.
Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,
Қазақтың не қыласың шарағатын.

Толық

Тайға міндік

  • 1
  • 14

Тайға міндік,
Тойға шаптық,
Жақсы киім киініп.
Үкі тақтық,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар