Өлең, жыр, ақындар

Қадірліме

Бақытым едің,сағымым болдың,
Бойыма сіңген сылдыр үндерің.
Жарық сәулені басып жанышты,
Дәрменсіз қалған табыт күндерім.

Көріктім менің,енді көлеңке,
Тұрмайды су да ағаш себетте.
Үздіксіз соққан сезім сағаты,
Амалсыз тоқтап қалды кенетте.

Шара жоқ қолдан қылатын әттең,
Сезімің суық жүргендей жатпен.
Естелік болып қалатын шығар,
Бақытты болған,бақытты сәттен.

Амалым қанша,кінәләмаймын!
Жұлдыздай болған сыңары айдың.
Сезім дегенді білмейді екенбіз,
Жанары қай күн,сөнері қай күн.

Күте беремін үміт үзбеймін,
Миллиондардан өзіңді іздеймін.
Мына жалғанда бола алады,
Жаным, сіздей кім?

Өкініш кернеп сағындым қанша?
Қиын екен ау жаның туласа.
Теңдесі жоқ ерке сәбиді,
Күте беремін сағым сынғанша!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оралармысың

  • 2
  • 0

Кербез қылықтым, даралы мүсін,
Сілтедім тағы қаламның ұшын.
Тас жүрек болып жаралғанбысың?
Жанымды менің жаралау үшін!

Толық

Толғаныс

  • 0
  • 0

Аламан тағдыр,
Көнбесің бар ма?
Мың түрлі жандар,
Ұмтылған алға!

Толық

Өкінген

  • 0
  • 0

Буырқанған бұлақ сезім бастауы,
Бұлтқа оранған сезім бақтың аспаны.
Сүйгені үшін қатты өкінген бұл жүрек,
Ет есігін мәңгі жауып тастады.

Толық

Қарап көріңіз