Өлең, жыр, ақындар

Кешігіп жеткен ұйқастар

Ұзақ көңіл бөлмесем,
Бұл – уақытсыз дедің бе?
Сенсіз қалып өзгеше,
Бұл – бақытсыз дедің бе?

Шелек-шелек шерімді,
Тарқамасын дедің бе?
Ауыр жүкті бір өзі,
Арқаласын дедің бе?

Шашылған ойды жинауға,
Машақаты көп дедің бе?
Тыртығы қалған жазылмай,
Жарақаты көп дедің бе?

Тарығып талған толғауды,
Тілсіз кетсін дедің бе?
Өлеңім өксіп өтпестей,
Өңеште кепсін дедің бе?

Көңілден кетіп алыстап,
Қадірім білсін дедің бе?
Төзімсізбен алыспақ,
Сабырын білсін дедің бе?

Мақұрым қалған бәрінен,
Мақсаты жоқ дедің бе?
Жасырын қалған бәрінен,
Жақсы аты жоқ дедің бе?

Шабытпен болмай шатағың,
Алыстап кетем дедің бе?
Ойларды айға шабатын,
Алысқа ап кетем дедің бе?

Ізгіліктен іздедім,
Ат ізін салған өшірмей.
Ізгі ниет те үзбеді,
Қалса да көңіл көсілмей.

Ақ қағазға қимаған,
Арманда кеткен ұйқас бар.
Жарыққа шық, сыймаған,
Кешігіп жеткен ұйқастар!



Бимырзаева Әсел Маханбетқызы
Түркістан қаласы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ орамал

  • 2
  • 1

Дәстүрім бақыттың бастауы боп,
Ақ келінге ақ орамал таққызған.
Шала жанбас шырақтың жақтауы боп,
Ерте сөнбес «ертең»шамын жаққызған.

Толық

Аллам оған АНА деген ат берген!

  • 1
  • 0

Әр ғасырда намыстың қымбат бағасы,
Қымбат алтын дәстүр,салт-санасы.
Жалғап келген сонау отты жылдардан
Бас ием саған ұлылардың АНАСЫ!

Толық

Жанбаған жалындамайды

  • 0
  • 0

Жанбаған жалындамайды,
Түнек қып мынау маңайды.
Маздаған шоққа үміт бер
Жарық қыл жан сарайды.

Толық

Қарап көріңіз