Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

  • 30.05.2017
  • 0
  • 3
  • 24478
Туған жерім, тарихым, тұнық далам,
Барша жұрт қасиетіңді ұлықтаған.
Басқа жердің бөктері мен таулары
Дәл сенің самалыңдай жылытпаған.

Туған жерім, Меркім менің, мекенімсің!
Қадіріңе барлығы жете білсін!
Бұлағың тәтті, анамның ақ сүтіндей,
Менің-дағы балым мен шекерімсің.

Көрікті бұл Меркінің таулары көп.
Жақсылықтың бағы мен баулары көп.
Суы таза, мөп-мөлдір ауасы бар,
Осы жерде туған жанның арманы жоқ.

Куәсі талай-талай баһадүрдің.
Биік болсын тұғыры шаһарымның!
Туған жер, сен арқылы бала кезде
Қызыққа молынан мен бата білдім.

Туған жер, сарқыраған бұлағымсың,
Туған жер топырағы – тұмарымсың!
Алыс кетсем өзіңді сағынамын,
Себебі, сен дәл менің жұмағымсың!



Пікірлер (3)

Гүлсая Каналқұл

Керемет!

Бек Байтас

Коп олендер казирги танда сайтка шыгып жаткан жок маган сурактарыныз болса insta:beka.baitas ka жазыныздар

Аяжан

Тамашаа!

Пікір қалдырыңыз

Елбасына арнау

  • 0
  • 17

Қызыл тіл сөйле десе, сайрай түскен,
Шындықты жырлай берем тынбай іштен.
Жыр-дода дегенде мен дәуірлеймін,
Жорға тілді қалдырмай заңғар көштен.

Толық

Ойлан!

  • 1
  • 1

Тыңда мені, жігітсымақ желіккен,
Көлік мініп, ақша шашып еріккен.
Қанша қызды ойыншық қып мәз болдың,
Ару қыздың сен көз жасын көріп п(а) ең

Толық

Мен – қазақтың қызымын (Қазақ қызының монологы)

  • 0
  • 1

Мен – қазақтың қызымын, дара туған,
Текті аналар рухынан жаратылған.
Күннен сәуле аламын, құлпырғанда,
Айдан нұрға малынам, жаңа туған.

Толық

Қарап көріңіз