Өлең, жыр, ақындар

Анам менің

Анам менің ардақты да асыл жан,
Мейрімі оның жан жылытар шуақ таң.
Қуанышыма қуанасың баладай,
Қайғыма да мұңаясың баладай.

Түн ұйқыңды төрт бөлдің біздер үшін,
Алғыс айтам қамқор анам сіз үшін.
Орта жасқа келсеңдағы анашым,
Нұр шапағың шектелмейді біз үшін.

Анам үшін мен әлі де баламын,
Бойжетсем де сәби болып қаламын.
Меккеге де апарамын анамды,
Орындалса егер мен талабым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір

  • 0
  • 1

Өмір деген өтеді зуылдап,
Өмір деген өтеді туылдап.
Өмірдің ащысын да, тұщысын да,
Көреді мұның бәрін адамзатқа.

Толық

Жыл мезгілдері

  • 0
  • 0

Дала көкке оранды шайқалып,
Бүршік атты гүлдер өсті жайқалып.
Күн де шығып, шуақ төгіп жарқырап,
Сулар ақты сай-салада сарқырап.

Толық

Қарап көріңіз