Өлең-жыр байқауы

Өзіңді оят, дабылын қақсын арманың!

Өзіңді оят!
Жүре бермей түңіліп,
Күдіктеніп, қорқып, ылғи кідіріп.
Тұтансын сенде жалын беретін жүрекке,
Ұмтылдыратын Ұлы арман және Бір үміт.
Өзіңді оят!
Дабылын қақсын арманың,
Күтуде талай жетістіктерің алда мың.
Шабыттанғайсың жарқын болашақ жайында,
Уайым-қайғының астында сөніп қалмағын.
Өзіңді оят!
Адам екеніңді еске алып,
Білімнің жолын, ілімнің жолын төске алып.
Өмір дегенің өткенің емес, қалғаны-
Жүрген жоқсың сен жақсылықтардан кеш қалып.
Өзіңді оят!
Күшіңді сезін жасындай,
Талантың-таудай, тек қана жатыр ашылмай.
Үлкен ойыңмен үлкен жобалар бастарсың,
Ұмтылсаң досым ұялшақтыққа бас ұрмай.
Өзіңді оят!
Жүгенін жібер, жүйріктің,
Демегін маған "Орынсыз жерде киліктің".
Қиындықтарды сынақ деп қара батпайтын,
Күресіп жүріп мен-дағы қалқам , ширықтым.
Өзіңді оят!
Өтірік ойлармен түс көрмей,
Қиялдап жүріп қалмасын ісің істелмей.
Әрекеттенгін, әрекет-өмір өзегі,
"Білмедім" деме, аспаннан жаңа түскендей.
Өзіңді оят!
Өмірің өтіп кетпесін,
Орала қоймас уақыт дегенің өткесін.
Армандарыңды жүзеге асыр жігермен,
Көңіліңдегі көгілдір раушан көктесін!

Басқа да өлеңдері

Қыранша өмір сүрейік!

  • 0
  • 1

Үлкендер, орта буын, жастар жағы,
Қанша болды бізге өмір басталғалы?
Жігерсіздік, ойсыздық отан болып,
Таюда қанша адамның бастан бағы.

Толық

Қайырлы таң, қазағым!

  • 0
  • 0

Қазағым, қайырлы таң ұйқыдағы,
Сендерді ойлап, көңілде күй тұнады.
Талайың осы уақытты ұйықтап жатсың,
Таусылмай тәтті түстей сиқыр әлі.

Толық

Талпыныс

  • 1
  • 2

Өмірдің мәні, көңілдің сәні – талпыныс,
Мақсатқа ұмтыл, «жетем» деп бала, ал, тырыс.
Арманды көздеп, бойыңды өзгерт, шаршама,
Болмасын сенде ынжықтық және алқыныс.

Толық

Пікірлер (8)

Айым Таңым

Асқарқызы

Айым Таңым

Өленіңізді оқыдық ,керемет жазылған екен,оқыған адамды шабыттандырады.

Егіз қыздар Айым Таңым

Өленіңізді оқыдық, керемет жазылған екен, оқыған адамды шабыттандырады.Сізге тек сәттілік пен табыс тілиміз.Тілек білдіруші Айым Таңым егіз қыздар, жастарды шабыттандыратын керемет өлендеріңізді сізден күтеміз!

Жұлдыз

Өте керемет дүние ,Жақсы жазылған маған ұнады

Альмара

Өте керемет өлең !Маған да қатты ұнады

Карлыгаш

Керемет. Расындада адамды оятады екен. Керемет асер алдым десем де болады.

Лаззат

Маған бұл жігіттің бар сөздері қгацды.Керемет жігерді талапты жігіт.Алла тек амандық саулық берсін.

алибек

Я расындада керемет жазылган Маган катты унады

Пікір қалдырыңыз