Жалған махаббат
Жалған дейміз махаббатты, өмірді,
Жалған сөзбен қалдырамыз көңілді.
Жалған сезім арнап жүріп басқаға,
Басқа жанды сүйеміз-ау жасқана.
Жалған дейміз отбасылық сезімді,
Қажет етер шын махаббат төзімді.
Таныса сап, үйленуге батамыз,
Үйлене сап, ажырасып жатамыз!
Жалған дейміз мына əлемді таңдана,
Жақтырмаймыз шындықты біз паңдана.
Жалған өмір қаламасаң егерде,
Харам дүние, надан адам таңдама
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі