Өлең, жыр, ақындар

Шағала

  • 18.12.2016
  • 0
  • 8
  • 20280
Көк толқын көк айдында кілкіп, қалқып,
Қайықты мазалайды түртіп, тарпып.
Сүйкеніп жөңкіп кейін шегінеді
Жағаның жағасынан сілкіп, тартып.
Өзді-өзі кейде күшін байқасады,
Бұқадай буырқанып шайқасады.
Өкіріп, өршеленіп сүзіссе де,
Жеңілсе, жентектеліп жай қашады.
Көк толқын айбат шегіп, иықтасып,
Үркеді жағалаудан тиіп қашып.
Шошынып бұрқылдаған тентегіңнен
Қыран да қалықтайды биікке асып.
Бұрқанған билей алмай өзін-өзі
Теңізден бәрі шошып безінеді.
Сескенбей шарықтайды тек шағала
Айдынды өз үйіндей сезінеді.



Пікірлер (8)

Нурдаулет

Маған ана өлеңін жазып бересіздерме

Айсана Анашым

Ізі бар ма мына олеңнің керек еди керемет екен

мас

бұның жалғасы бар ма ?

мас

РАХМЕТ

Медина

Керемет олеңдер

Айдана

Маған бұл өлеңдер қатты ұнады

Айда

Маған бұл өлең ұнайды

Өте керемет өлеңдер

Өте керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Тағдыр мынау жемістің

  • 0
  • 1


Тағдыр мынау жемістің
Қайсысын маған арнаған:
Анасы - ару келісті,
Қызы да одан қалмаған.

Толық

Құмарлық жолы қаяусыз

  • 0
  • 3

Құмарлық жолы қаяусыз,
Көңіл, бірақ, жерігіш.
Балдың да дәмі баянсыз,
Ауызға түссе, ерігіш...

Толық

Абайла, бауырым, абайла

  • 0
  • 5

Абайла, бауырым, абайла,
Ала керме, у ұрттап,
"Абайла!" деген Абай да,
Ұнатпасаң да, ұғып бақ.

Толық

Қарап көріңіз