Өлең, жыр, ақындар

Жүректерді жалғастырып ізгі леп

  • 09.12.2016
  • 0
  • 0
  • 3991
Жүректерді жалғастырып ізгі леп,
Қанша иыққа асылды екен қыз білек.
Қанша жігіт бола алды екен Төлеген,
Қаншама ару бола алды екен Қыз Жібек.

***
Махаббатты жырлайтұғын жыр басқа,
Әйелдер де бекінеді сынбасқа.
Қыздар жақтың қылығы да бір бөлек,
Еркектердің әзілі де бір басқа.

Әйелдерде таусылмайды сөз кені,
"Ұнатасың, - дейді өкпелеп, - өзгені".
"Қойшы" дейді әйел-қылық еркекке,
"Келші" дейді бірақ оның көздері.

Алады олар, ебі келсе, сұраққа,
Шыда дейді таусылмайтын сынаққа.
"Жынды" дейді жігітіне қыздар да,
Сол "жындысын" жек көрмейді бірақ та.

***

Сезiмдердiң барi де ойлағанға жаз емес,
Бiреуге бақ-махаббат, ал бiреуге мәз емес.
Махаббаттан қуаныш тапқан жандар қаншама,
Сол сезiмнен өкiнiш тапқандар да аз емес.

Нарық бұзып сырттағы көнiлдердi үйдегi,
Бiреу сүйсе, бiреулер сүйе алмады, сүймедi.
Махаббатта төгiлiп талай қыздың көз жасы,
Талай ердiң сенiмi махаббатта күйредi.

Болса-дағы бiрде ашық, бiрде жабық түндiгi,
Ынтықтырар жандарды сезiм-күйдiң күмбiрi.
Махаббатсыз өткiзген мың күнiнен сонда да,
Артық екен адамның сезiм толы бiр күнi.

***

Қыз-сезімі
Сүю деген - жүрек сырын шектемеу,
Сүйе тұрып жігітіне жоқ демеу.
Сыңарының сырын сезіп тұрса да,
Жарасады бірақ қызға өкпелеу.

Сүю деген сезіміңмен өрте деу,
Болмасын тек ақыл-ойың келтелеу.
Жігітінің жанын ұғып тұрса да,
Жарасады бірақ қызға еркелеу.

Сүю деген - емес қой ол мұздану,
Тәкаппарсып, жоқ нәрсеге сыздану.
Жүрегінде жатса-дағы жігіттің,
Жарасып-ақ тұрады қызға қызғану.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұстаз тілегі

  • 0
  • 1

Жылдар бір жылдарға жалғанып,
Зыр қағар уақыт жүрдек-ті.
Мінеки, ұядан қомданып,
Түлегі ұшатын күн кепті.

Толық

Педсовет

  • 0
  • 0

Оқу жылы табыспенен өтсе деп,
Жетістіктер алдан үздік жетсе деп.
Жиналысты басқаратын директор,
Ұстаз үшін оның аты – педсовет.

Толық

Сізде жатыр тағылым

  • 0
  • 1

Айтсақ сөздің әділін,
Ұстаз жанын біліп ұқ.
Сізде жатыр тағылым,
Сізде жатыр ұлылық.

Толық

Қарап көріңіз