Өлең, жыр, ақындар

Ел бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан!

  • 01.12.2016
  • 0
  • 2
  • 12946
Хан Кенеден тоқтаған азаттықты,
Жалғастырған азамат бар тегі дара.
Ел қамын екі иықпен арқалаған,
Оны туған қасиетті елі дана!
Жақсының жақсылығын айт дегендей,
Айтайын мойындасын дос пен дұшпан.
Қырандайсың көк тудағы қанат қаққан,
Нұрлы, жарық бағытта биік ұшқан!
Басшысыз елдің болмас берекесі,
Жердегі патша-Алланың көлеңкесі.
Жетпіс жыл отарлықтан азып-тозған,
Азат болып көтерілді ел еңсесі.
Сол елді бар әлемге таныттырған,
Ол да білсең Елбасының мәртебесі!
Ата заңды, тілді, дінді қуаттаған,
Көк байрақты биік ұстап құлатпаған!
Отан үшін аянбай қызмет етіп,
Тер төгіп, ел үмітін ардақтаған!
Тұмардай тыныштықтың ұйытқысы,
Ақылмен әр қадамын салмақтаған.
Көсемдікпен ертеңді көре білген,
Қателікке бой алдырмай ар сақтаған.
Халық қамын жасаған ерлігімен,
Көзге түскен көреген тірлігімен.
Елімізді көп елге үлгі еткен,
Тату-тәтті көп ұлттың бірлігімен.
Білімді ұрпақ жеткізуді мақсат етіп,
Ертеңіне елінің алаңдаған.
Биік, жарқын болашақ күндеріне,
Жастарының жетуін армандаған.
Жаратқан жарылқады қазақ елін,
Ел басына қайта қойып қазақ ерін.
Кемелді келешекке жол бастаған,
Жәрдемшіге табыстап жұртты керім.
Нұр келбетті азаматсың атыңа сай,
Елмен бірге саналы ғұмыр кешкен.
Сарабдал саясатпен топты жарып,
Талай заңғар істерді батыл шешкен.
Бүкіл жаһан назарын тарта білген,
Төрағалық жасаған жер жүзіне.
ОБСЕ торинде даналықпен,
Таңырқаумен қаратқан әр сөзіне.
Қиын-қыстау заманда еш саспаған.
Бас түсірмей көкірегін тік ұстаған,
Кемеңгерлік болмыспен көш бастаған!
Нағыз ерсің Нұраға ел бастаған!
Тарихта мәңгі есімің ұмытылмас,
Таңба болып қалады ұрпақ үшін,
Мақтаймызда, мақтанамыз өзіңменен.
Талмасын Ел ағамыз жігер күшің!
Тұғыры биік, рухы асқақ ұлттың ұлы тұлғасы,
Алты алаштың арқа сүйер парасатты ағасы!
Қазақтың алып қыраны, ынтымақ болған ұраны!
Ел бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан!
Көш бастаған көшбасшымыз Нұрсұлтан!



Пікірлер (2)

Дамір Қалдыбаев

Тұңғыш президент күні құтты болсын!

Құралай

Жахсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз