Өлең, жыр, ақындар

Ой

Тіршілікте адамға,
Бақыт,дәулет ар екен.
Ерді еліне танытар,
Ақылы мол жар екен.

Озбыр адам озбайды,
Тілектен кісі тозбайды.
Адал төккен маңдай тер,
Өмірде оттай маздайды.

Ақылды туған азамат,
Халқының даңқын асырар.
Ақылсыз туған азамат,
Елінің құтын қашырар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғыс зардабы

  • 0
  • 1

Біткеніне соғыстың,
Өтсе де көп жыл шамасы.
Құрбан боп кеткен боздақтар-
Көңілдің бітпес жарасы.

Толық

Өкпелеме өмірге

  • 0
  • 0

Кез келгенді тоқтай қап,
Тыңдай берсең пікір көп.
Көп жүрген жер тайғанақ,
Тыңмен жүрсең шұңқыр көп.

Толық

Замана

  • 0
  • 0

Ақша озды заманда ақылдан да,
Дарақы,тентек озды мақұлдан да.
Дөрекі,ұры-қары күні туды,
Сондайлар мықты болды батырдан да.

Толық

Қарап көріңіз