Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік

Қазақ деген қалың жұртым тасыған,
Қилы кезең бәрін кештің басыңнан
Еркіндікті қалап едің, қыран құстай самғадың,
Ұлағатты бастау алып асыл сөзден, нақылдан.
Арайланып атты бүгін ақ таңы,
Шұғылалы шуақ шашып жатқаны
Тәуелсіздікке жиырма бес жыл халайық,
Қазағымның мерейі өсіп жатқаны.
Кімдер өтіп? Кімдер бізден өтпеді?
Не сөз айтып? Кімдер бізді сөкпеді?
Елім үшін еңіреген боздақтар,
Жері үшін кімдер терін төкпеді?
Армандаған бұл күндерді талай қазақ баласы,
Сан мындаған тарихы бар ұлан-ғасыр даласы
Желбірей бер, көк аспанда еркіндіктің көк туы,
Бұл киелі қазақ жері талай жанның панасы.



Пікірлер (3)

Арман

Керемет! Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын!

АЛПЫСБАЙ

Тауелсиздикке арналган олен

Қуатқызы Қарақат

Керемет өлең,жақсы жазылған!

Пікір қалдырыңыз

Гүл сезім

  • 1
  • 0

Жүрегім бүгінде жаным-ау, жырлады
Белгісіз сезімнің махаббат сырлары
Аяла, сен мені, аяла тағы да,
Ыстық-ау құшағын сезімнің гүл бағы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар