Өлең, жыр, ақындар

Кейбір жеңгейлер

  • 06.10.2016
  • 0
  • 2
  • 4496
Өз сүйгенін әркім қымбат санайды,
кей жеңгейлер "меңгеріп" ап ағайды,
"Жалғыз соның бабын тапсам жарар", - деп
өзгелерге тайтұң-тайтұң қарайды.
Отырған соң ағай үлкен орында
жел үргендей көңілі өсер оның да.
"Үй жұмысы - міндеті, - дер, - кемпірдің",
қайтер еді ертең сол қарт жоғында?
Оған - барқыт, шыт тиіпті әжейге,
жолдасының анасы оған өгей ме...
Қарт киініп шалқып жүрсе, өзгелер:
"Келіні бір тәуір жан-ау", -демей ме?!



Пікірлер (2)

Умида

Маган олендер катты унайды,әсіресе махаббат жайлы олендеры,

Әбибулла Ақтілек

Фариза Оңғарсынова өлеңдері өте керемет екені көрініп ақ тұр,өлеңдері мен үшін өте қымбат

Пікір қалдырыңыз

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы

  • 0
  • 0

Басымды айналдырды-ау мұң аптабы,
еніп ем тәтті қиял құшағына.
Жаныма жақындамай жырақтады
арманым ақ сағымға ұсады да.

Толық

Алғашқы сабақ

  • 0
  • 0

Толдым жеті жасқа мен,
қош айтыстым бақшамен.
Келдім алғаш сабаққа,
келді Нұрлан, Жанат та.

Толық

Менің атам

  • 0
  • 0

Атам менің жақсы адам,
ешкім одан аспаған.
Фашистермен соғысып,
оң аяғы ақсаған.

Толық

Қарап көріңіз