Өлең, жыр, ақындар

Үйрен ана тіліңді

  • 09.09.2016
  • 0
  • 7
  • 23902
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.

Әлде қалай жоғалтса ана баласын,
Бала іздеп таппай ма өз анасын.
Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,
Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.

Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.

Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.
Перзентісің еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.



Пікірлер (7)

Айғаным

Жақсы керемет екен. ☺

Аяука

Маа мен осыны жаттап койдым бугин тил мерекеси осыны каз айтамго????

А

Кушти жаксы ♥ Адам жаксы болса журге де жаксы омердк

♥♥♥

Жаксы

Айя

Күшті жаттандым бірақ ұнамад сөздері қиын

????‍♀️

Пікір жазушылар өтінемін жазуымызға мән берейікші. Өлең өте тамаша,таңғаларлық екен.

Нұрдана

Күшті екен

Пікір қалдырыңыз

Достықтың да шегі бар

  • 0
  • 1

Шыңда мұз, қар жарқырап,
Жаздың ашық күніне.
Сайларда су сарқырап,
Бой балқытар үніне.

Толық

Өз туым

  • 0
  • 0

Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым,
Ту төрінен елге нұрын төкті күн.
Ту төбемде қалықтады қырандай,
Қуанбаған бір де қазақ жоқ бүгін.

Толық

Текемет

  • 0
  • 0

Біреуі жүн жаймалап,
Біреуі су себеді.
Енді бірі шиге орап,
Жабылып бәрі тебеді.

Толық

Қарап көріңіз