Өлең, жыр, ақындар

Қазақ дастарқаны

  • 27.06.2016
  • 0
  • 2
  • 16081
Сендерменен бір бастым шыңға қадам,
Сендер барда келген жоқ мұң да маған.
Далаң анау талдырған құс қанатын,
Бабаң анау кеңдігін бұлдамаған.
Қайырмасы:
Жылдар қалып, жылдардан озады елес,
Ата даңқы балаға мазақ емес.
Дастарқанын жимаған бабалардың
Жомарт салтын жойғандар қазақ емес!
Қайран бабам, сиремей үйің достан,
Сый болмапты сенің бұл сыйыңды асқан.
Досың түгіл, мына кең дастарқаның
Қасыңа да жатыпты-ау жиылмастан.
Көзіме нұр, ойыма қиял қосқан,
Мекенімді мұңайтсам сүйе алмастан,
Сенен туған ұлмын деп дүниеге,
Қалай тура қараймын ұялмастан?!



Пікірлер (2)

Бақытбек

Күн батқанша отырдым шың басында,қарап тұрдым жаңа айдың тұлғасына

Бақытбек

Сәлеметсіздерма?Күн батқанша отырдым шың басында деген өлеңді қалай тапсам болады?

Пікір қалдырыңыз

Мен қыз үшін ұялдым

  • 2
  • 1

Байқатпастан уақытты тез өткен,
Өнер толы өзекпен,
Жыр қанатын безеп кең,
Әмзе басты жиналғандар кезекпен.

Толық

Рух пен тіл

  • 0
  • 14

Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.

Толық

Арал қасіреті

  • 0
  • 0

Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға,
Тау толқын төсіңде тербелген ерке күн қайда?
Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген,
Шағала көктемнің дүркіреп ұшты ма көзден?

Толық

Қарап көріңіз