Өлең, жыр, ақындар

ГИМАЛАЙ ЖОЛБАРЫСТАРЫ немесе малдық сана туралы мұң

  • 27.06.2016
  • 0
  • 1
  • 9366
Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен?
Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан.
Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен
Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам...
Соның айтқан әңгімесі қалып қойды есімде:
Қалың орман арасында, не құзар шың төсінде,
Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс,
Қайтпек керек, қарсы алдыңнан шыға келсе жолбарыс?
Ең бастысы, сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру,
Аңға, малға жақындамас болмысыңды ұқтыру.
Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегін,
Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң - біткенің.
Сол сәтінде-ақ тарғыл мысық қан толтырып көзіне,
Серіппедей тартыла кеп атылады өзіңе.
Бұл сұраққа ғылым әлі толық жауап таппаған:
Адам кейпін сақтағанды жыртқыш неге жақтаған?
Бәлкім, тәңір пенделерін ойға тарту үшін де,
Жаратты ма жолбарысты осындай өр пішінде?
Іңкәр тірлік жолындасың.
Қимылыңа мән бер сен,
Қай кезде де еңсе бүкпеу - ердің басты құралы.
...Мен де кейде адамдығы аласарған жан көрсем,
Ыза буған жолбарыстай атылғым кеп тұрады...
Бір белгілі бизнесменнің нақсүйері, сыңары,
Талай дарын ағып өткен,
Менің жастық шағым өткен
Алматыда, алма пейіл, сауда зейін қалада,
Жалт-жұлт еткен әсем тонын сары ала,
Гималайдың ең соңғы, ең атбалды,
Мекен еткен өр құзар шың шатқалды
Барысының терісі деп мақтанды,
Жанарында бір дарақы от жанды.
Бірақ менің бұл жел сөзге тіпті сенгім келмеді,
Жолбарысын жоғалтса егер - таулардың да өлгені.
Жоқ, Гималай, қасиеттім, сен тұра бер тағыңда,
Ізгілігін күдік басып,
Тағдырынан рух қашып,
Ұқсап әрі жойқын, ессіз ағынға,
Адамдарды малдық сана жетекке алған шағында
Және олардың қалуы үшін өз міндеті сабында,
Тәңір ойын жолбарыстың көзі арқылы қабылда...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ой түзелсе, өрлер сенің бағың да!



Пікірлер (1)

А

Оте кушты

Пікір қалдырыңыз

Арыс жағасында

  • 0
  • 1

Өзіңмен Арыстың
Бойында таныстым.
Жайнаған гүлдей құрбым сен,
Жағада тұрдың сен.

Толық

Жомарт жүрек тағылымы

  • 0
  • 0

ЖОМАРТ ЖҮРЕК ТАҒЫЛЫМЫҚазанын оттан түсірмей кеткен, жомарттық жеңген жүрегін,
Ақ көйлегімен туған, бақ көйлегімен туған азамат ердің бірі едің.
Сараңның бір жыл жейтұғын асын бір сәтте ғана таратып,
Тұрушы ең содан рахат тауып, көңліңнен әппақ таң атып.

Толық

Ғұмыр

  • 0
  • 1

Ғұмыр келте деп налисың, досым-ау.
Бұдан миллион ғасыр бұрын,
Жер ғарышқа тең шашып жасыл нұрын.
Мимырт, шабан тіршіліктің құшағында күліпті.

Толық

Қарап көріңіз