Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз - әлем

  • 16.05.2016
  • 0
  • 0
  • 9949
Еңбекпен келген еленді із,
Қалдырды соқпақ өткенің.
Ешқашан қалмас елеусіз,
Сен үшін қымбат - мектебің.

Ізгілік жолын жырлап ең,
Айналып уақыт сырласқа.
Шәкірттің көңілі - сырлы әлем,
Сенімі-дағы бір басқа.

Ұл-қызы бол деп еліңнің,
Ертеңі - сенсің, өркені.
Дедің де шәкірт-сенімнің
Құлатпай жүрдің желкенін.

Жаныңа серпін құяр ән,
Жыл сайын соны ұғасың.
Қанатын қағып ұядан
Армандар жайды құлашын.

Мақсатын сездің жүректің,
Дедің де сапар жалғансын.
Әр жылы ұшқан түлектің
Сағынышында сен барсың.

Жақсылық бойдан іздер ең,
Бұлақтың көзі аршылар,
Жүректер талмай іздеген
Ұлылық деген сен шығар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұстазға тілек

  • 0
  • 0

Қашаннан қуаныштың асқар әні,
Өмірге келген күннен басталады.
Құт болсын туған күні тәтемізге,
Алпысы құтты болсын асқаралы.

Толық

Сезiм әуендері

  • 0
  • 0

Естiледi дара даусы тұлпардың,
Көкжиектен сенiммен қол бұлғар күн.
Өшпес мұра болып қалды-ау әндерi
Алпысыншы-жетпiсiншi жылдардың.

Толық

Сұлулық таңы кеудеде өмір сүреді

  • 0
  • 0

Бақыттың бағын белгісіз болып табары,
Аңсаған жүрек ағысын іздеп барады.
Ұната тұрып, сезімі іште тұншығар,
Қыз сезім ғажап шынайы сүйе алады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар