Өлең, жыр, ақындар

Қыр асып сырласайық

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2751
Санамда сұлу даусың,есте белгің,
Өзің үшін мен бар ма кешпеген мұң.
Жолыға алмай өзіңмен қан жылаған,
Өз жанымды, айтшы сен, ескерер кім?

Ойымда да, түсімде сенің бейнең,
Жыр жолдары өзіңсіз терілмейді ен.
Жанарыңнан, жарқыным, жабырқаған,
Жүрегіме шуақ-нұр төгілгей де ем.

Даусың да сол,менің есімдесің,
Ой-санамды жаулаған не сыр менің.
Өлең жазсам мен саған сағат сайын,
Мерейіңді мен биік өсіргенім.

Қарақат көз, көрікті,қарағым-ау,
Жабырқаған жаныма қара мынау.
Жүрек асық өзіңе жылытқанша,
Оған қалай қыл бұрау саламын-ау.

Сала алмаймын,қажетсіз сала алмаймында,
Жұпсыз аққу,айтшы сен,бар ма айдында.
Көп болды ғой жолығып сырласпадық,
Қиындық бар, қарғам-ау, қандай мұнда.

Келші бүгін кездесіп, сырласайық,
Жүректердің лүпілін тыңдасайық.
Тыңдасайық, жадырап бір жасайық,
Сөйтіп көңіл шаңын бір қағысайық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат-сезім сәбиі

  • 0
  • 0

Махаббатты серік қып балдан шырын,
Міне,адамдар тағы бір арман шыңын.
Өтінерім, қашанда тату болып,
Жетегінде кетпеңдер алдамшының.

Толық

Сен ұқтырдың

  • 0
  • 0

Мен бүгін ашулымын ашынғасын,
Ойым жоқ сенен өзге басымда шын.
Мейлі, сен не десең де ... Анық бірақ,
Өзіңді құшып-сүймей басылмасым.

Толық

Бір ән салшы

  • 0
  • 0

Көгершінім, көріктім ақ тамағым,
Маған мәлім күні ертең аттанарың.
Бір ән салшы жүректі жадыратар,
Естелік үшін соны ап қаламын.

Толық

Қарап көріңіз