Өлең, жыр, ақындар

Келмей бір кеттің...

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3235
Келмей бір кеттің,
Келер деп күттім қаншама,
Күтуге әлі қуат пен шыдам, бар шама.
Елеңдеп жүрмін, келер деп жүрмін мен әлі,
Жолыңа сенің қараумен жанар талса да.

Келмей бір кеттің,
Келмеске кеткен жан сынды.
Мұңға бір батып әз жаным қанша жаншылды.
Сен келіп тағы сағынған жүрек тыншыр ма,
Ақтара алсақ серуенге шығып бар сырды.

Келмей бір кеттің,
Қаларсың мүмкін келіп те,
Өзіңсіз тіпті жазылмай кетті, тіпті өлең.
Шабытты шақтар сен барда ғана екен ғой,
Жырларым қанша жазылып қойып бітпеген.

Келмей бір кеттің,
Түсінбей жүрсің сен, бәлкім,
Ұшырар дейсің бақытын босқа қолдан кім?
Сен мені мүмкін, ұмытып кеткен шығарсың,
Ал, өзім күнде сен жайлы күнде толғандым.

Келмей бір кеттің,
Келмесең келме, не етермін,
Бір сені жырлап тынбастан, бәлкім өтермін.
Азабым ба едің, тағдырым ба едің, сен менің,
Не болса-дағы барлығын соның көтердім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ынтық жүрек

  • 0
  • 0

Білемін, сүйем, әйтеуір, құлап-талып,
Дүниенің барлығы жырақ қалып.
Сені мен түсіне алмай жүрмін,
Көргенім жоқ алдында сыр ақтарып.

Толық

Махаббат-сезім сәбиі

  • 0
  • 0

Махаббатты серік қып балдан шырын,
Міне,адамдар тағы бір арман шыңын.
Өтінерім, қашанда тату болып,
Жетегінде кетпеңдер алдамшының.

Толық

Кім ұрлады сендегі қуанышты

  • 0
  • 0

Алды артын ойламайтын алаңғасар,
Мен де саған болдым ба,адам нашар.
Өкпелетіп алдым ба, өкіндім мен,
Жолын таппай қалай бір хабарласар.

Толық

Қарап көріңіз