Өлең, жыр, ақындар

Түсіме кірдің сен бүгін

  • 07.05.2016
  • 0
  • 2
  • 20397
Түсіме кірдің сен бүгін, түсіме кірдің тағы бір,
Жабырқау жүрек жабырқап,қалсын дедің бе,лағылым.
Екеуден екеу жүрміз біз гүл жапқан алма бақтарда,
Екеуміз жүрміз тек қана гүлдерден алқа тағынып.

Түсіме кірдің тағы да,түсіме кірдің неліктен,
Өңімде өгей болған соң түсімде маған келіп пе ең?!
Қызығы тайған қатыгез қауқарсыз қара жердеймін,
Тамызда жаңбыр тамбаған қырларды,жаным,көріп пе ең?

Түсіме кірдің, әйтеуір, жанымды нұрға бөлеп бір,
Өзіңмен ғана өзгеріп кетердей бейне кенет қыр.
Бақыттан басым айналып кетті ме екен,кім білсін,
Ессіз бір елтіп, шөлдеген жандай сені өптім.

Түсімде көрдім өзіңді, сағындым ба екен,кімбілсін,
Түсімде сені көрмесем мен үшін ондай түн құрсын.
Түсімде және ойымда жүре бер,жаным, мәңгілік,
Жалғасы болып мендегі жауқазын сынды жырдың шын.



Пікірлер (2)

Ақтілеу

Өте әсерлі шыққан

Ақтілеу

Күшті шыққан

Пікір қалдырыңыз

Табынамын

  • 0
  • 0

Сыр айтудан өзіңе қысылмадым.
Осы ма, сүю деген тылсым, жалын,
Ұмыттым өзімді өзім. Соңғы кезде.
Сен менің есімді алып жүрсің, жаным?

Толық

Махаббат-сезім сәбиі

  • 0
  • 0

Махаббатты серік қып балдан шырын,
Міне,адамдар тағы бір арман шыңын.
Өтінерім, қашанда тату болып,
Жетегінде кетпеңдер алдамшының.

Толық

Сен десе бәрін ұмытам

  • 0
  • 0

Көкте де жүргім келмейді қазір жерде де,
Өзіңді сүйіп науқас боп жүрмін, емдеме.
Бақыттан басым бұрын тұратын айналып,
Мұңды боп кеттім мен неге?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар