Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс күні

  • 02.05.2016
  • 0
  • 0
  • 11663
Жайқалтқан бұл жер үстін,
Келді міне жеңіс күн.
Сол жеңістің арқасы,
Басын шалдық көп істің.

Кетсе дағы көп есем,
Жұртым аман,ел есен.
20 млн. аз емес,
Нөлдері көп демесең.

Желбіреп жеңіс жалауы,
Алаулап жанып алауы.
Қазағым бүгін азат ел,
Қуанышты бұл жаңалық.

Азаттық сыйлап жаңа күн,
Армандап келген сан ғасыр.
Бұл жеңіс оңай келген жоқ,
Жан беріскен,жан алып.

Азаттық үшін шайқаста,
Жауынгерлер жаралы.
Қаншама мына қазаққа,
Жеңіс күнін сыйлады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ата-анаңның ақ үмітін ақтап қал

  • 0
  • 1

Құтты болсын сырға салған сәтті күн,
Екі жүрек бірге соқсын тәтті күн.
Келешекке батыл қадам басыңдар,
Тік көтеріп адалдықтың ақ туын.

Толық

Аудан әкімі М.Марайымға

  • 0
  • 0

Төбе би боп, жүре бер билік құрып,
Көңіліңізден көктемдей күйді ұқтырып.
Елге еткен еңбегіңіздің арқасында,
Шардараға жатсын тек сыйлық кіріп.

Толық

Ауылым

  • 0
  • 4

Гүлдер тердім қырыңнан қуана мен,
Мөлдір суың сарқырап ағып жатқан.
Бәрінен де қымбатсың туған далам,
Кереметін байқадым мен бақшаның.

Толық

Қарап көріңіз