Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсан жалауы

Бес күндік жалған бесігінде бұлқынып,
Байтақ өмір белесіне ұмтылып.
Кеше ғана желтоқсанның желі есіп,
Тарихыма таңбаланған қыршын жұрт.

Желтоқсан толғауында мәңгілік,
Кейбіреулер күресінде әл біліп .
Егемен ел таңы атты қасқайып,
Аязына Алатаудың ау құрып.

Азапталып арландары қазақтың,
Жарқырады төбемізден азат күн.
Желтоқсан ұмытылмас мәңгіге,
Ізі қалған Сәбира, Ербол, Ләзаттың
.
Желтоқсанда қайсар кеткен Қайратың,
Күрегіне қызыл тілмен қайрап үн.
Азаттықтың үнін аңсап ақтаңнан,
Алатаудың Арланы ұлып жататын.

Тарихтың толғауына бөленіп,
Бой түзеді егемен ел ерен ұлт.
Жаса мәңгі Қазақстан отаным,
Жырлап өтем сені мәңгі өлең ғып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сезім мен сенім

  • 1
  • 0

Кезіктім сенімен баяғы бақтарда,
Кезіктім сенімен мұң жатқан шақтарда.
Сағындым сені мен ей шексіз махаббат,
Сендей сор, дәл сендей бақ барма.

Толық

Егемен ел

  • 0
  • 0

Міне, бүгін егеменмін еренмін,
Босатылдым бұғағынан көгеннің.
Егеменді ел жайдарлы болғасын,
Төбемізден шуақ нұрын төгер күн.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 3

Туған жерім Алтай таудың баурайында,
Ойнаушы-ем асыр салып қайрағында.
Сағынышым селдеді туған жерге,
Қанатымды кең етіп жайғанымда.

Толық

Қарап көріңіз