Өлең, жыр, ақындар

Ана

  • 06.03.2016
  • 0
  • 13
  • 43715
Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ..

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,
Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,
Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,
Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,
Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,
Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,
Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.



Пікірлер (13)

Жаксы

Өте керемет өлең

Гулназ Жумабаева

Маган осыТуманбай Молдагалиевтин барлык олендери унады жанеде керек болып тур

Толқын Төлепберген

Өте керемет маған ұнады

Бибігүл

Өте жақсы əрі керемет

Зәмзәгүл.

Керемет өлең жолдары...

Динура

өте керемет
өте өте өте керемет

інжу

Өте керемет

Асылжан

Өте өте өте.керемет

Аружана

Өлең жолдары өте әсерлі. Маған ұнады, керемет!

назгүл

Біздің тілеуімізді тілеп отыратын Ата-Аналарымыз аман болсын!

Інжука

Өте әдемі

тессочка!

ИДЕАЛЬНО, СПАСИБО .

мадина

бұл өте керемет. Маған Тұманбай Молдағалиевтің шығармалары ұнайды.

Пікір қалдырыңыз

Біздің ту

  • 0
  • 1

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

Толық

Әнім сен едің

  • 0
  • 0

Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен
Бақыт көріп ем қара көзіңнен
Кеттің ұмытып, мәңгі ұмыттың
Жібін үздің ғой нәзік үміттің

Толық

Күз

  • 0
  • 1

Сап-сары күз соныменен келді ме,
Ағаштардан жапырақтар төгілді.
Несібесін жинап жатыр ел міне,
Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар