Өлең, жыр, ақындар

Бұғылы

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2734
Сандық тасты аспанмен жалғастырып,
Құйылады құпия ауа мөлдір.
Бұғылыда күз отыр малдас құрып,
Денесіндей бұғының ала теңбіл.

Сұрша тастар таудың ор қоянындай,
Орман басқан етекте ой ауылдай.
Алуан түспен айнала жалтылдайды,
Суретші күздің сан бояуындай.

Сары жапырақ — сарғайған сағыныштай,
Қара томар — қаусаған кәрі құстай.
Ақ шоқылар — арманды ақсақалдай,
Көкірегінен күрсінген жалын ұшпай.

Ал қарағай көкпеңбек көк өрімдей,
Жастық шақтың мәңгі өшпес желегіндей.
Күзді ұзатып қолтықтап ән-күйімен
Оралатын көктем боп келер күндей.

Тұла бойы ну орман, қасқа сулар,
Сүю, күю, кездесу, қоштасулар...
Бұғылы тау қарайды қолын жайып,
Қас батырдай кеудесін досқа ұсынар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батыр мен аты туралы баллада

  • 0
  • 4

Қас батырға оқ қадалды үш рет:
— Ал, тұлпарым, туған жерге ұшып жет!—
Иесінің үнсіз сөзін ұққандай
Жануары тартты желге кісінеп.

Толық

Ана махаббаты

  • 0
  • 1

Реңі кіріп даланың
Біткелі соғыс неше жыл.
Жас селі шайып жанарын
Жалғызын күтіп шеше жүр.

Толық

Түбір

  • 0
  • 9

Көрінеді
Орманнан
Түбірлер.
Айрылған

Толық

Қарап көріңіз