Өлең, жыр, ақындар

Жасымнан жетік білдім...

  • 14.04.2015
  • 2
  • 3
  • 24277
Жасымнан жетiк бiлдiм түрiк тiлiн,
Сол тiлге аударылған барлық бiлiм,
Ерiнбей еңбек еттiм, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнiм.

Оятқан менi ерте – Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тiлiн үйренумен
Надандықтың тазарып, кеттi кiрi.

Танбаймын, шәкiртiмiн Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәпiр қойдың.
Жанымен сүйдi әдiлет‚ ардың жолын,
Сондықтан ол иесi терең ойдың.

Толстой кәпiр емес, кәпiр өзiң,
Дiн емес – бәрi алдау айтқан сөзiң.
Көңiлiң соқыр, надансың, бейiлiң қара,
Нұр, жарығын қалайша көрсiн көзiң.

Көнбеймiн дiндi терiс бұрғаныңа,
Сопының бара қойман құрбанына.
Хақиқат сырымды айтсам – Толстойдың
Мың сопыны алмаймын тырнағына.

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,
Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.
Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың
Алданбассың артынан ере берсең.



Пікірлер (3)

Ербол

Өлең тамаша екен

Әбіләз

Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы тұлға

Пікір қалдырыңыз

Қазақтың жаманы болмас...

  • 1
  • 2

Қазақтың жаманы болмас,
Жаманнан аманы болмас.
Бірігіп іс қылатұғын,
Түзелер заманы болмас.

Толық

Ноль

  • 2
  • 4

Қаламым, қарындашым – жан жолдасым!
Жау болды жан аяспас сан жолдасым.
Қайрылып, мейірімденіп қарамайды,
Кеше – аласа, бүгін – зор, паң жолдасым.

Толық

Мен жатырмын оңаша...

  • 2
  • 1

Мен жатырмын оңаша,
Жастанғаным томаша.
Жан шыдамас мұныма,
Жалғыз Әупіш болмаса.

Толық

Қарап көріңіз