Өлең, жыр, ақындар

Скульптор

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1541
(Хакімжан Наурызбаевқа)
Ұйықтамай түндер ол шыққан
Кеудесін кернеп бір арман.
Құдайдай құйып балшықтан
Адамды жасап шығарған.
Маңдайдан терін сыпырып,
Көрмеген жаны жай тауып.
Өліге тірлік бітіріп,
Өмірді берген қайтарып.
Құйындай қиял үйіріп,
Әуремен өткен әр кеші.
Металға түскен құйылып,
Ойының ұйып сәулесі.
Ұйқысыз түндер өтеліп,
Тұғырға- қонды тас тұлға.
Өнерін биік көтеріп,
Өзі тұр соның астында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жартас

  • 0
  • 0

Бір алтын бұлт қонды келіп,
Алып тасқа жарқылдап,
Жөнелді ол ертеңгілік
Көкте ойнап жалтылдап.

Толық

Қобыз

  • 0
  • 0

Дала бір жұлдызы жоқ қаралы аспан,
Көгінде ана зарлап, бала адасқан.
Үміт бір шала-жансар ақсақ киік,
Тағдыр бір асау құнан ала қашқан.

Толық

Индиялық досқа

  • 0
  • 0

Қалыпты ол кез жадымда,
Еді осындай күн ашық.
Алматының бағында
Көп қыдырдық сырласып.

Толық

Қарап көріңіз